Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты: Cоңғы үш біріншіліктегі отандық спортшылардың нәтижесі

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты: Cоңғы үш біріншіліктегі отандық спортшылардың нәтижесі

27 мамыр күні Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында ересектер арасындағы жеңіл атлетикадан кезекті Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Азияның 43 елі жарысқа қатысатынын ресми түрде мәлімдеген.

Сондай-ақ чемпионатқа 2000-нан астам спортшы қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері де бар екенін айта кеткен жөн.

qazathletics.kz сайты Азия чемпионаты қарсаңында жерлестеріміздің бұған дейінгі нәтижелеріне шолу жасап, оқырман назарына ұсынған болатын. Бүгін назарларыңызға соңғы үш Азия чемпионатындағы көрсеткіштерді ұсынамыз. Ал бұған дейінгі мақалаларды мына сілтемелер арқылы оқи аласыздар: [мына], [мына], [мына ], [мына].

2017 жыл — Бхубанешвар (Үндістан)

Үндістан 2013 жылғы Азия чемпионатын өткізгеннен кейін, араға төрт жыл салып, сары құрлық додасын тағы да өз елінде қабылдады. Бұл – Қазақстан құрамасы қатысқан Үндістандағы екінші чемпионат. Ал біріншілік тарихында Үндістан жарысты үшінші рет өткізді.

Жерлестеріміз 2013 жылы Пунада өткен чемпионаттағы нәтижелерін Бхубанешварда екі есе жақсартып, 4 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте Үндістан мен Қытайдан кейін үшінші орынға жайғасты. Сонымен қатар, екі спортшымыз бірден екі бағдарламада алтын және күміс медаль иеленді.

Алтын жүлдегерлер: Виктория Зябкина (100 м және 200 м жүгіру, Мария Овчинникова (үш қарғып секіру), Қазақстан әйелдер құрамасы (4×100 м эстафета).

Күміс жүлдегерлер: Ольга Сафронова (100 м), Ирина Эктова (үш қарғып секіру),

Қола жүлдегерлер: Иван Иванов (ядро лақтыру), Ольга Сафронова (200 м), Қазақстан әйелдер құрамасы (4×400 м эстафета).

 

2019 жыл — Доха (Қатар)

Азия чемпионаты алғаш рет және әзірге соңғы рет Қатар астанасы Дохада өтті. Қазақстан құрамасы бұл жолы да медаль санынан кем түспесе де, алтын жүлде аздығына байланысты жалпы есепте 8-орынға табан тіреді. Отандастарымыз 1 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль еншіледі.

Жалғыз алтынды — Ольга Сафронова жеңіп алды. Ол 100 метрге жүгіруде 11.17 секунд нәтижемен мәреге бірінші келіп, Азия рекордын жаңартты.

Күміс жүлдегерлер: Ольга Сафронова (200 м), Элина Михина (400 м), Маргарита Мукашева (800 м), Қазақстан әйелдер құрамасы (4×100 м эстафета), Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру).

Қола жүлдегерлер: Михаил Литвин (400 м), Иван Иванов (ядро лақтыру)

 

2023 жыл — Бангкок (Таиланд)

Келесі Азия чемпионаты 2021 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтуі тиіс болғанымен, COVID-19 пандемиясына байланысты өтпей қалды. Сөйтіп, төрт жылдан кейін құрлықтық дода алғаш рет Таиланд астанасы Бангкокте ұйымдастырылды. Бұл қала осындай ауқымды жарысты алғаш рет қабылдап отыр.

Қазақстан спортшылары бұл чемпионатта 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп, Өзбекстан құрамасымен бірге жалпы есепте 8-орынға жайғасты.

Алтын жүлдегер: Кристина Овчинникова (биіктікке секіру).

Күміс жүлдегерлер: Елизавета Матвеева (биіктікке секіру), Шадрак Кимутай Коеч (10 000 м).

Қола жүлдегерлер: Иван Иванов (ядро лақтыру)