2025 жылғы 27–31 мамыр аралығында Оңтүстік Кореяның шығысындағы Гуми қаласында ересектер арасындағы жеңіл атлетикадан XXVI Азия чемпионаты өтеді. Аталған сары құрлық бәсекесіне Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары да қатысады. Осыған орай оқырмандар назарына өткен Азия чемпионаттарында Қазақстан құрамасының нәтижелеріне шолу ұсынамыз. Бұған дейін біз 1993, 1995 және 1998 жылдардағы Азия біріншіліктері туралы жазған болатынбыз.
2000 жыл — Жакарта (Индонезия)
Ғасырлар тоғысындағы Азия чемпионаты Индонезияның Жакарта қаласында ұйымдастырылды. Бұл жарысқа 37 елден 441 спортшы қатысты. Олардың қатарында қазақстандық атлеттер де бар еді. Жеңіл атлетиканың 43 бағдарламасы бойынша өткен чемпионатта жерлестеріміз 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 7-орынға ие болды.
Медаль иегерлері:
Алтын: Юрий Пахляев (биіктікке секіру), Елена Парфенова (үш қарғып секіру), Светлана Казанина (жетісайыс)
Күміс: Марина Коржова (биіктікке секіру)
Қола: Ирина Науменко (жетісайыс)
2002 жыл — Коломбо (Шри-Ланка)
Араға екі жыл салып, келесі Азия чемпионаты Шри-Ланканың Коломбо қаласында өтті. Бұл жолы Қазақстан құрамасы 6 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 3-орыннан көрінді. Бұл – әзірге еліміздің Азия чемпионаттары тарихындағы ең үздік нәтижесі.
Алтын жүлдегерлер:
Геннадий Черновол (200 м)
Михаил Колганов (800 м)
Татьяна Росланова (400 м)
Наталья Торшина (400 м кедергілермен жүгіру)
Елена Кащеева (биіктікке секіру)
Светлана Казанина (жетісайыс)
Күміс жүлдегерлер:
Геннадий Черновол (100 м)
Светлана Лукашева (1500 м)
Қола жүлдегерлер:
Евгений Мелещенко (400 м кедергілермен жүгіру)
Григорий Егоров (сырықпен секіру)
Марина Коржова (биіктікке секіру)
Елена Парфенова (үш қарғып секіру)
2003 жыл — Манила (Филиппин)
Келесі Азия чемпионаты әдеттегі екі жылдық циклге қарағанда бір жыл бұрын – 2003 жылы Филиппин астанасы Манилада ұйымдастырылды. Сары құрлықтың үздік атлеттері жиналған бұл жарыста қазақстандық спортшылар табысты өнер көрсетіп, жанкүйерлерді жарқын жеңістерімен қуантты. Бұл чемпионатта ұлттық құрама 2 алтын, 6 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте 5-орынға тұрақтады.
Алтын жүлде иегерлері:
Григорий Егоров (сырықпен секіру)
Ирина Науменко (жетісайыс)
Күміс жүлдегерлер:
Геннадий Черновол (100 м)
Евгений Мелещенко (400 м кедергілермен жүгіру)
Павел Дубицкий (декатлон)
Татьяна Росланова (800 м)
Наталья Торшина (400 м кедергілермен жүгіру)
Әйелдер командасы (400 м кедергілермен жүгірудегі командалық жарыс)
Қола жүлдегерлер:
Светлана Бодрицкая (400 м)
Светлана Лукашева (1500 м)