Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты: Отандық атлеттердің 2005–2009 жылдардағы нәтижесі

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты: Отандық атлеттердің 2005–2009 жылдардағы нәтижесі

2025 жылғы 27–31 мамыр күндері Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында ересектер арасындағы жеңіл атлетикадан XXVI Азия чемпионаты өтеді. Аталған сары құрлық бәсекесіне Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары да қатысады. Осыған орай оқырмандар назарына өткен Азия чемпионаттарында Қазақстан құрамасының көрсеткен нәтижелеріне шолу ұсынамыз. Бұған дейін біз 1993, 1995, 1998, 2000, 2002 және 2003 жылдардағы Азия біріншіліктері туралы жазған болатынбыз. Алдыңғы жазбаларды мына және мына сілтемелер арқылы оқи аласыздар.

2005 жыл — Инчхон (Оңтүстік Корея)

2005 жылғы Азия чемпионатын Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласы қабылдады. Бұл – Корея жерінде өткізілген екінші, ал қазақстандық жеңіл атлеттер қатысқан алғашқы сары құрлық додасы болды. Жарысқа 35 елден 536 спортшы қатысты. Жеңіл атлетиканың 43 түрі бойынша өткен бұл жарыста жерлестеріміз 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 13-орынға тұрақтады. Бұл – сол кезге дейінгі ел құрамасының ең сәтсіз Азия чемпионаты болатын.

Медаль иегерлері:

Күміс: Евгений Мелешенко (400 м кедергілермен жүгіру), Светлана Лукашева (1500 м), Қазақстан әйелдер құрамасы (эстафета)

Қола: Светлана Толстая (спорттық жүріс), Анна Устинова (биіктікке секіру)

 

2007 жыл — Амман (Иордания)

Келесі Азия чемпионаты араға екі жыл салып, 2007 жылы Иордания астанасы Амман қаласында өтті. Бұл – Иорданияда өткен алғашқы Азия чемпионаты. Содан бері бұл ел сары құрлық біріншілігін қайта қабылдамаған.

Аммандағы жарыста Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 6-орынға ие болды. Бұл біріншілікке Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының қазіргі басшысы, еліміздің танымал жеңіл атлеті Ольга Рыпакова да қатысып, екі алтын медаль жеңіп алғанын айта кеткен жөн.

Алтын жүлдегерлер:

Евгений Мелешенко (400 м), Ольга Рыпакова (ұзындыққа және үш қарғып секіру), Ирина Науменко (жетісайыс)

Күміс жүлдегер:

Екатерина Евсеева (биіктікке секіру)

Қола жүлдегерлер:

Рүстем Қуатов, Светлана Толстая (спорттық жүріс), Қазақстан әйелдер құрамасы (эстафета), Анна Устинова (биіктікке секіру), Ирина Литвиненко (ұзындыққа секіру)

 

2009 жыл — Гуанчжоу (Қытай)

2009 жылғы Азия чемпионатын Қытайдың Гуанчжоу қаласы алғаш рет ұйымдастырды. Дәлірек айтқанда, бұл — 18-ші сары құрлық біріншілігін Қытайдың тұңғыш рет қабылдауы еді. Гуанчжоудағы жарыс қазақстандық спортшылар үшін сәтті өтті. Жерлестеріміз 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 5-орынға тұрақтады.

Алтын жүлдегерлер: Роман Валиев, Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру)

Күміс жүлдегер: Маргарита Мацко (800 м)

Қола жүлдегерлер: Виталий Цыкунов (биіктікке секіру), Светлана Толстая (спорттық жүріс), Евгений Эктов, Ирина Литвиненко (үш қарғып секіру)