World Indoor Tour 2024 алғаш рет Астанада өтеді

World Indoor Tour 2024 алғаш рет Астанада өтеді

World Athletics Indoor Tour 2024 аясында Астанада Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes атауын алған Азияда алғаш рет өтетін Алтын деңгейдегі жарыс өтетін болады.

Серияға 27 қаңтарда Астанада, Қазақстанда басталатын алтын деңгейдегі жеті кездесу кіреді.

World Athletics Indoor Tour сайыстарында ұпай жинау пәндері жыл сайын өзгеріп отырады. 2024 жылы Алтын деңгейдегі пәндер:

Әйелдер: 400м, 1 миль (1 609, 34м), 60м кедергілер арқылы, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру

Ерлер: 60м, 800м, 3000м/5000м, сырықпен секіру, үш қарғып секіру, ядро лақтыру

 

Ал Астанада көретіндеріңіз осы:

Әйелдер: 400м, 60 м, 1 миль (1 609, 34м), 60м кедергілер арқылы, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру

Ерлер: 60м, 60м кедергілер арқылы, 3000м, сырықпен секіру, ядро лақтыру.

 

Тур қорытындысы бойынша әрбір нәтижелі пән бойынша ең көп ұпай жинаған спортшы жеңімпаз деп жарияланып, 10 000 АҚШ доллары көлемінде бонус алады. Сондай-ақ Глазгодағы жабық кешендегі жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына қатысу ұсынылады.

World Athletics Indoor Tour Gold 2024 Күнтізбеcі

27 қаңтар– Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes, Астана, Қазақстан
30 қаңтар – Czech Indoor Gala, Острава, Чехия Республикасы
4 ақпан – New Balance Indoor Grand Prix, Бостон, АҚШ
6 ақпан – ORLEN Copernicus Cup, Торунь, Франция
10 ақпан – Meeting Hauts-de-France Pas-de-Calais ‘Trophée EDF’, Льевен, Франция
11 ақпан – Millrose Games, Нью-Йорк, АҚШ
23 ақпан – World Indoor Tour Gold Madrid 2024, Мадрид, Испания