Екі күн қатарынан Алматы орталық стадионыныда өткен байрақты бәсекеге 14 елден 243-ден астам спортшы қатысты.
Турнирдің алғашқы күні таңертең әйелдер мен ерлер арасындағы 100м және 400м қашықтықтағы жүгірумен басталды. Қорытынды бойынша үздіктер финалға жолдама алды. Турнир әрмен қарай Алматы Аренада жалғасты. Спорт сарайында ерлер мен әйелдер арасында диск лақтыру және ерлер арасында балға лақтыру сайыстары өтті.
Қорытынды бойынша әйелдер мен ерлер арасында диск лақтыру сайысында Бірінші орынға Үндістан, екінші орынға Қазақстан спротшылары жайғасты. Ал өзбекстандық атлеттер мемориалдың қола жүлдесін қанжығалады.
Балға лақтыру сайысында 69,68 көрсеткішімен ирандық Реза Могадамкорлмахалех алға шықты. Ал өзбекстандық Аюб Файозов 65,55 көрсеткішімен екінші орынға жайғасса, түркменстандық Мерген Маммедов 64,32 көрсеткішімен мемориалдың қола жүлдегері атанды.
Халықаралық 31-Ғұсман Қосанов мемориалының ашылу салатанаты Орталық стадионда өтті. Турнирді ресми түрде Азия жеңіл атлетика қауымдастығының бірінші Вице-президенті Сурапонг Ариямонгкол, Олимпиада ойындарының жеңімпазы Ольга Рыпакова, ҚР жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембек ашты.
Әрмен қарай турнир орталық стадион қабырғасында жалғасты. Ресми бөліктен кейін жарыс жолына үш қарғып секіруші қыздар шықты. Тартысты сайыста Қазақстан чемпионы Мария Ефремова 14,01 нәтижесімен мемориалдың алтын медалін иеледі. Жеңімпаздар тұғырына екінші болып азербайжандық Екатерина Сариева 13,81 көрсеткішімен жайғасса, үздіктер қатарын өзбекстандық Шарифа Давронова 13,80 нәтижесімен қорытындылады.
Келесі алтын медальді қоржынымызға Ольга Сафронова әкелді. Ол 100м жүгіруде мәре сызығын 11,40 нәтижесімен кесті. Екінші 11,49 Дути Чэнд, үшінші 11,61 Джилна Вит үндістандық атлеттер келді.
Келесі болып ерлер арасындағы үздік спринтерлер анықталды. 100м қышықтыққа жүгіруден алтынды пәкістандық Шажар Аббас 10,41 нәтижесімен қанжығалады. Отандасымыз Виталий Земс 10,47 нәтижесімен күміс медальді, ал тайландтық спортшыБандит Чуанхай 10,51 нәтижесімен қола жүлдені иеленді.
Әйелдер арасында шойын доп итеру сайысында Абха Хатуа (ИНДИЯ) 16,71 нәтижесімен үздіктер көшін бастады, отандасымыз Надежда Барбанова 15,04 нәтижесімен күміс медель иеленді. Көш соңын үндістандық Манприт Каур 14.24 түйіндеді.
Әйелдер арасында 1500 м қашықтыққа жүгіруде бірінші орынға үндістандық Чанда 4:24,44 нәтижесімен, қазақстандық Екатерина Грицай 4:28,50 екінші орынға және Татьяна Нерозняк (ҚАЗ) 4:29,96 нәтижесімен үшінші орынға жайғасты.
Ерлер арасында 1500 м жүгіруде отандасымыз Максим Фроловский 3:52,72 нәтижесімен алтын медаль, пәкістандық Амир Сохаил 3:53,98 нәтижесімен күміс медаль, қырғызстандық Самат Қазахбаев 3:55,76 нәтижесімен қола медаль иеленді.
Ерлер арасында сырықпен секіруден алтынды тайландтық Патсапон Амсамарн (5,40) иеленді. Күміс пен қоланы отандастарымыз Данил Полянский (5,20) және Сергей Григорьев (5,00) иеленді.
Әйелдер арасында 400м жүгіруде үндістандықтар топ жарды. Алтын – Киран (ИНД) 52,54, ал күміс жапондық Нанако Мацумото (52,56), қола үндістандық Саммиге (53,70) бұйырды.
Келесі алтынды қоржынымызға отандасымыз Михаил Литвин әкелді. Ол 400м-ді 46,04секундта кесіп өтіп, өзінің бұл сайыста мықты екенін тағы дәлелдеді. Күміс медаль үндістандық Мухамед Анас Яхияға 46,24 нәтижесімен, ал қола жүлде пәкістандық Абдул Муеедке 46,86 нәтижесімен бұйырды.
Ал Кристина Овчинникова болса биіктікке секіруде 1,96 нәтижесімен алтынды қанжығалады. Сонымен қатар ол, бұл көрсеткіші арқылы Орегонда өтетін Әлем Чемпионатына қойылған нормативті орындады. Екінші орынға 1,92 нәтижесімен Елизавета Матвеева, ал үшінші орынға 1,80 нәтижесімен өзбекстандық Барнахон Сайфуллаева жайғасты.
Әйелдер арасында кедергілермен 400м-ге жүгіруде үндістандықтар топ жарды. Вития Рамрай 56,87 нәтижесімен таза жеңіске жетті. Отандастарымыз Аделина Ахметова 59,84 секундта екінші, Светлана Кузнецова 1:01,69 нәтижесімен үшінші болып мәре сызығын кесті.
Ерлер арасында кедергілермен 400м-ге жүгіруде бірінші ирандық Махди Пиржахан (49,76), үндістандық Сантош Кумар Тамиларасан (49,97) екінші, Аясами Дхарун (50,10) үшінші болып мәре сызығын кесті.
Әйелдер арасында 4х100м эстафетада бірінші үшінші орындарды отандық командалар жеңді. Ал екінші орын үндістандықтарға бұйырды.
Ерлер арасындағы 4х100м эстафетада Тайландтық спортшылар топ жарды. Олар 38,65 нәтижесімен Мемориалдың рекордын жаңартты. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінге мемориал рекорды 2001 жылдан бері жаңармаған еді. Ол көрсеткіш те (39,18) тайландтық атлеттерге тиесілі еді. Ал екінші және үшінші орынға отандық командалар жайғасты.
Екінші күннің шымылдығы алматы аренада әйелдер арасындағы балға лақтыру сайысымен ашылды. Бұл сайыста үндістандық Сарита Ромит Синг 62,48 нәтижесімен топ жарды. Өзбекстан спортшылары Зарина Носиржонова 57,68 нәтижесімен күміс, Элина Силямиева 55,39 нәтижесімен үшінші қола жүлдегері атанды.
Үндістандықтар әйелдер арасында да найза лақтыру сайысында топ жарды. Алтын Ану Рани 62,29, күміс Шилпа Рани 56,16, қола Санжана Чаудари 55,12 бұйырды.
Әйелдер арасындағы ұзындыққа секіруде алтын үндістнадық Энси Сойжанға (6,44), отандастарымыз Мария Ефремоваға (6,36) күміс, Анастасия Рыпаковаға (6,02) қола жүлде бұйырды.
Әйелдер арасында кедергілермен 100м-ге жүгіруде украиндық Юлия Башманова жеңіске жетті. Ол мәре сызығын 13,61 секундта кесіп өтті. Ал Өзбекстандық Валентина Кибалникова 14,05 нәтижесімен екінші, отандасымыз Анель Шулакова 14,17 нәтижесімен үшінші болды.
Ерлер арасында найза лақтыру сайысында жүлделі орындар өз спортшыларымызға бұйырды. Бірінші орынға 67,44 Артур Гафнер, екінші орынға 60,15 Алексей Клыстов, ал үшінші орынға 58,75Мейіржан Хожумурат жайғасты.
Ерлер арасында биіктікке секіруде Игорь Косолапов 2,16 нәтижемен мемориалдың алтын медалін иеленді. Пәкістандық Шароз Хан 2,12-мен күміс, ал өзбекстіндық Тимур Рахматуллаев 2,10 нәтижемен қола жүлде иеленді.
Ерлер арасында шойын доп итеру сайысында үндістандық Каранвир Синг 19,47 нәтижемен алтынды қанжығалады. Отандастарымыз Иванов Иван 18,33 нәтижемен екінші, ал Данил Плотников 14,38 үшінші орынға жайғасты.
Ерлер арасында кедергілермен 110м жүгіруде ирандық Масуд Камран 14.08 топ бастады. Өзбекстандық Ергаш Нормуродов 14,38 бен екінші, отандасымыз Данила Корр 14,91 үшінші болып мәре сызығын кесті.
Мемориалдың тартысты сындарының бірі әйелердер арасындағы сырықпен секіру сайысы болды. Десе де, отандасымыз Анастасия Ермакова мықтылар арсында ел намысын қолдан жіберген жоқ. Ол 4,20 нәтижемен мемориалдың алтын медалін иеленді. Екінші орынға Молдавалық Ангелина Жук-Краснова 4,15, үшінші орынға аустралиялық Алла Парнов 4,05 жайғасты.
Әйелдер арасындағы 200м жүгіруде үндістандық Секар Дханалашми 22,89 нәтижемен алтын иеленді. Отандасымыз Ольга Сафронова оны өкшелесе де милисекундқа кешігіп 23,21 нәтижемен мәре сызығын екінші болып кесті. Ал үндістандық Дюти Чэнд 23,60секундта үшінші болып келді.
Ерлер арасындағы 200м жүгіруде тайландтық спортшылар көш бастады. Боонсон Пурипол мәре сызығын 20,19 секундта кесіп, мемориалдың алтын медалін иеленді. Сонымен қатар ол бұл көрсеткішпен мемориалдың 2016 жылғы рекордын жаңартты. Бұған дейін мемориал рекорды Бехрейн спортшысы Ягуб Салем Эидке (20,43) тиесілі еді. Ал Дапбанг Сораоат 20,54 нәтижемен күмісті қанжығалады. Ал пәкістандық Шажар Аббас 20,87 нәтижемен қола медаль иеленді.
Ерлер арасында 5000м жүгіруде қазақстандық Рақымжан Келманов 15:10,83 нәтижемен жеңіске жетті. Пәкістандық Амир Сохаил оны қанша өкшелесе де 15:11,76 нәтижемен екінші орынға жайғасты. Ал отандасымыз Александр Савгуров 15:21,39 нәтижемен үшінші орынды иеленді.
Ерлер арасында үш қарғып секіру сайысында азербайжандық Назим Бабаев 16,93 нәтижемен мемориалдың алтын медалін иеленді. Үндістандықтар Элдхоус Пол 16.55 екінші, Картик Уникришнан 16,15 үшінші орынға жайғасты.
Әйелдер арасында 800м ге жүгіруде үндістандық Чанда 2:03,46 нәтижемен бірінші орынды, отандасымыз Екатерина Грицай 2:05,47 екінші, өзбекстандық Сабохат Самиджонова 2:13,12 үшінші орынды иеленді.
Ерлер арасында 800м жүгіруде үндістандық Кришнан Кумар 1:49,80 нәтижемен бірінші, қазақстандық Абдулазиз Абдукаюмов 1:50,89 екінші, өзбекстандық Хуршид Ахмадалиев 1:51,58 нәтижемен үшінші орынды иеленді.
4х400м Микс эстафетада үндістандықтар топ бастап, 3:18,94 нәтижесімен оқ бойы озық келді. Кейінгі жүлделі орындарға отандық спортшыларшылармыз жайғасты. Екінші орын 3:29,20, үшінші орын 3:38,00.