Филадельфия мен Ямайкадан келген спортшылар Астананың аязы туралы бөлісті.  Кейшан Томпсон қысты алғаш рет Қазақстанда тамашалады.

Филадельфия мен Ямайкадан келген спортшылар Астананың аязы туралы бөлісті. Кейшан Томпсон қысты алғаш рет Қазақстанда тамашалады.

Бүгін "Qazaqstan" спорт кешенінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер шетелдік спортшылардан Астанадағы ауа-райынан қандай сезімде болғанын сұрады. Естеріңізге сала кетейік, 24 қаңтарда таңертең елордадағы термометр бағанасы -32 градусқа дейін төмендеді.

- Мен Филадельфиядан келдім және өткен жылы Қазақстанда болдым, бірақ ол кезде суық болған жоқ, қазір қатты тондым, - деді жүгіруші Ниа Али.

Андре де Грасс-Канада тумасы. Ол өзінің Отаны да суық екенін, бірақ ауа температурасы ешқашан 20 градустан төмен түспейтінін атап өтті. Бірақ қазақстандық аяздар осы қыста алғаш рет болған ямайкалық жеңіл атлет Кейшан Томпсонға қатты әсер етті.

- Мен алғаш рет мынша қарды көрдім. Астана шынымен суық, қатты тондым.

Бірақ спортшылар аяздың жарысқа еш әсері жоқ екенін қайталап айтуда.

3 15 5 16 28 26 24 27 30 32 19