Швециялық сырықпен секіруші Арманд Дуплантис Астанада алғаш рет өтетін World Indoor Tour Gold жарысына қатысатын болды.
Халықаралық жарыстарға қатысуды 2015 жылғы мауысымда бастаған 24-жасар Швеция елінің спортшысы осы күнге дейін көптеген жеңістерге қол жеткізді. Олардың арасында Токиода өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлдесі, 2 дүркін Әлем чемпионы атағы, 3 дүркін «Гауһар лигасы» финалының чемпионы атағы және ағымдағы 2 дүркін Әлем рекорды. Кәсіби мансабында Арманд 12 рет Әлем рекордын орнатқан болатын.
Осы жылдың қыркүйек айында Арманд «Гауһар лигасы» финалында өзі орнатқан әлем рекордын жаңартты. Спортшы 6,23 м биіктікті бағындырды.
Astana Indoor Meet аясында Арманд Дюплантис сырықпен секіру дисциплинасы бойынша жеке сайыста өнер көрсететін болады.
Astana Indoor Meet аясында көретін тағы бір жеңіл атлетика жұлдызы – Эфиопиялық Гудаф Цегай. Орташа дистанцияларға жүгіретін спортшы 1 миль (1 609, 34 м) дисциплинасында бақ сынайды.
Айта кетейік, Гудаф Цегай 2 дүркін Әлем чемпионы, Гауһар лигасы финалының жеңімпазы, жабық кешендегі Әлем чемпионы, сондай-ақ ағымдағы 2 Әлем рекордының ұстаушысы.
Фото: David Balogh арнайы World Athletics үшін.