Андре де Грасс Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes турнирінде өнер көрсетеді

Андре де Грасс Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes турнирінде өнер көрсетеді

Канадалық спринтер Андре де Грасс 2024 жылдың 27 қаңтарында Астанада на Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes турнирінде өнер көрсетеді.

Андре де Грасс – Токио-2020 Олимпиадасының чемпионы, Олимпиаданың екі дүркін күміс және үш дүркін қола жүлдегері, Әлем чемпионы. 2023 жылдың 17 қыркүйегінде Андре де Грасс 200 метрге жүгіру бойынша Гауһар лигасының финалында жеңіске жетті. Астанада өтетін турнир аясында спортшы 60 метрге жүгіруде бақ сынайды.

Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes – Азияда бірінші рет өтетін World Athletics Indoor Tour Gold сериялы турнир. Бұған дейін сырықпен секіруден өнер көрсететін әлем рекорд ұстаушысы Арманд Дуплантис және 1 ​​миль жүгіру сайысына Гудаф Цегайдың қатысуы расталған болатын.