Жеңіл атлетикадан XI Азия Чемпионаты өз мәресіне жетті

Жеңіл атлетикадан XI Азия Чемпионаты өз мәресіне жетті

Тегеранда жабық кешендегі жеңіл атлетикадан XI Азия чемпионаты аяқталды. Чемпионаттың соңғы күнінде 11 финалдық жарыс өтті.

Елизавета Матвеева әйелдер арасында биіктікке секіруде, Қытайдан келген спортшыларға қарсы тұрды. Отандық атлет 186 см-ді еңсеріп, осы нәтижемен Азия чемпионы атағын алғаш рет жеңіп алды.

Анастасия Рыпакова ұзындыққа секіру бойынша 6.35 метр нәтижесімен4-ші орынға табан тіреді.

Қытайдан келген спортшы Жанг Тао 5.65 метр нәтижемен сырықпен секіруде чемпион атанды. Тағы бір қытайлық спортшы Сонг Хонг 5.60 метрмен 2-ші, Сауд Арабиясының спортшысы Хусаин асим Алхизам 5.25-пен 3-ші орынға ие болды. Қазақстандық Даниил Полянский 5.15 нәтижесімен 7-ші орынды иеленді.

4х400 метрлік эстафетадан Қазақстанның ерлер командасы Азия Чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Андрей Соколов, Ефим Тарасов, Эльнор Мухитдинов және Вячеслав Земс 3:12.05 нәтижесімен ел қоржынына тағы бір алтын медаль алып келді. Екінші орында Ирак командасы 3:12.09, үшінші орында Иран командасы 3:34.45.

4х400 метрлік эстафетада Қазақстанның әйелдер командасы 3:44.21 нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды. Команда құрамы: Анна Шумило, Шувалова Мария, Кондрашова Кристина және Аделина Земс. Екінші орынды 3:41.72 нәтижесімен Иран құрамасы иеленді.

Ерлер арасында 3000 метрге жүгіруде қазақстандық Максим Фроловский 8:17.17 нәтижесімен 3-ші орынды иеленді. 1-орын Нұрсұлтан Кенешбеков (Қырғызстан) 8:08.85 алса, 2-орынды Саид Әмір (Иран) 8:09.58 иеленді.

Ерлер арасындағы 60 метр қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруде алтын медальді Дэвид Ефремов жеңіп алып, өткен чемпионаттағы нәтижесін жақсартты. Қазақстандық бұл қашықтықты 7,60 секундта еңсерді. Екінші орынды Кин Вейбо (7,63), үшінші орынды филлипиндік Джон Кабанг (7,64) иеленді.

Әйелдер арасындағы 60 метр қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруде Джиоти Аррах (Үндістан) 8:12 секундта бірінші болып мәреге жетті. Асука Терада (Жапония) 8:21 секундта 2-орынға ие болды, Гонконг спортшысы Лю Ла Ю 8:26 есебімен 3-орынға тұрақтады. Қазақстандық Башмакова Юлия финалдық жарыста 8:34 нәтижесімен 6-шы келді.

Әйелдер арасында 1500 метрге жүгіруде Гармилан Бейнс (Үндістан) 4:29.55 нәтижесімен 1-ші орынды иеленсе, Қырғызстаннан келген спортшы Қалилқызы Айнушка 4:35.29 нәтижесімен 2 – ші орынды иеленді. Отандасымыз Болатбекқызы Аяна 4: 37.20 нәтижесімен мәре сызығын 3-ші кесіп өтіп, құрама қоржынына тағы бір қола медаль әкелді.

Әйелдер бессайысында Иранның үздік спортшыларына қарсы Чистякова Алина қола медаль жеңіп алып, жақсы нәтиже көрсетті.

Ерлер арасында ядро лақтырудан Үндістандық чемпион атанды Таджиндер Сингх Тур чемпион атанса, Иван Иванов 19,08 метр нәтижесімен күміс медаль иеленіп, өзінің осы маусымдағы нәтижесін жаңартты.

Үш қарғып секіру бойынша әйелдер арасындағы бірінші орынды қытайлық спортшы – Шен Жэ (13,63 метр), екінші орынды да қытайлық атлет Жанг Руи (13,61 метр) иеленді. Ал Мария Ефремова үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдені жеңіп алды.

400 метрге жүгіруде ирандық Сажать Агал 47.95 нәтижесімен чемпион атанды. Екінші орында Мухамад Тахир (48.10) иеленсе, Тарас Ефимов пен Ясир Али Аль асад (Ирак, 48.40) бірдей нәтиже көрсетіп, үшінші орынды өзара бөлісті.

Әйелдер арасында 800 метрге жүгіруде ирандық спортшы Ток там Дастарбандан (2:09,17) үздік атанса, тағы бір ирандық атлет Азари Адалат күмісті еншіледі. Отандасымыз Ақбаян Нұрмамет екінші мәрте қола жүлдегер атанды (2:13.10).

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3-ші орынды иеленді. Құрама қоржынында 4 алтын, 2 күміс және 6 қола медаль бар.