Жеңіл атлетика әрқашан спорт әуесқойларының назарын аударып, олимпиадалық қозғалыстың маңызды бөлігі екені сөзсіз. Биылғы жылы атлетика әлеміндегі тағы бір маңызды оқиға - Венгрия астанасы Будапештте өтетін Әлем Чемпионаты. Жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының бас бапкері Дмитрий Карпов қазақстандық спортшылардың осы шараға дайындық барысымен бөлісті.
- Жазғы маусымға дайындық көктемде басталды. Наурызда Ұлттық құрама Ыстықкөлде оқу-жаттығу жиын өткізді. Содан кейін сәуір және мамыр айларында Түркияда жаттығуды жалғастырды. Маусым және шілде айларында Алматыдағы жарыстарда бақтарын сынады. Соңғы дайындықты да сол сол қалада өткіздік
Құрама мүшелері Бүкіләлемдік Универсиадаға қатысты. Спортшылар бұл шарадан 8 тамызда оралып, 15 тамызда Будапештке әлем чемпионатына ұшып кетті. Осындай тығыз күнтізбе нақты ұйымдастыру мен жетілдірілген дайындықты қажет етті.
- Әр спортшы өзінің жеке рекордтарына және маусымның жақсы нәтижелеріне қол жеткізуге назар аударады. Барлық жаттығулар жеке жаттықтырушылар жасаған жоспар бойынша өтті. Спортшылар мен жаттықтырушылар бұл дайындықтың жүйелілігі мен жоспарлануына баса назар аударды, дейді Дмитрий Карпов.
Әлем чемпионатында өнер көрсететін құрама:
1. Жанна Мамажанова - марафон
2. Надежда Дубовицкая - биіктікке секіру
3. Кристина Овчинникова - биіктікке секіру
4. Елизавета Матвеева - биіктікке секіру
5. Галина Якушева - 35 км, спорттық жүру
6. Кэролайн Чепкуч Кипкируи - 5000 м и 10000 м
7. Дейзи Джепкемей - 3000 м кедергілермен
8. Давид Ефремов - 110 м кедергілермен
Будапешттегі әлем чемпионаты біршама уақыт ішіндегі қажырлы еңбектің нәтижесін көрсетеді. Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика Федерациясы барлық спортшыларға сәттілік пен жеңіс тілейді!