Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды

13-21 қыркүйек аралығында Жапония астанасы Токиода жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Әлемдік жарыста Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар анықталды, деп хабарлайды Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі. 

Токио төрінде төмендегі спортшылар сынға түседі: 

  1. Нора Джеруто - 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру;
  2. Дейзи Джемпкемей - 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 10 000 метрге жүгіру
  3. Ясмина Тоқсанбаева - спорттық жүріс, 20 шақырым
  4. Галина Якушева - спорттық жүріс, 35 шақырым
  5. Полина Репина - спорттық жүріс, 35 шақырым

Айта кетелік, қазақстандық спортшылар бүгінде әлем чемпионаты қарсаңындағы соңғы жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.