ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН 10 АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН 10 АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ

Астана қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионатының екінші күні Ақбаян Нұрмамет 1500 метрге жүгіруден қола жүлде жеңді. Оның көрсеткіші 4:21.31. 1-орынды вьетнамдық Нгуен Тхи Оан 4:15.55 нәтижесімен, 2-орынды жапондық Юме Гото 4:19.29 нәтижесімен жеңіп алды.

Ерлер арасында үш қарғып секіруден Қытайлық Фан Яо Кинг 17.20метр нәтижесімен топ жарды. Үндістандық Правин Чизравел 16.98 нәтижесімен 2-орын, кореялық Ю Гюмин 16.73 метр нәтижесімен 3-орын алды.

Ерлер арасында 400м жүгіруден отандасымыз Михаил Литвин 46.39 секунд нәтижесімен мәре сызығын екінші болып кесті. Ол Катар спортшысы Амар Исмаил Ибраһимге (46.25 секунд) бірнеше миллисекундка есе жіберді. Үздік үштікті қытайлық Фан Тианруи (47.30 секунд) қорытындылады.

Әйелдер арасында 400метрге жүгіруден отандасымыз Элина Михина 54.07 нәтижесімен қарсыластырынан оқ бойы озық шығып Азия Чемпионатының алтын медалін иеленді. Екінші орын вьетнамдық спортшы Ти Уен (54.67 секунд), үшін орын индонезиялық Шри Мая (54.88) иеленді.

Ерлер арасында 60метр жүгіруден 6.59 секунд нәтижесімен Бангладеш спортшысы алтын медаль жеңді. Екінші орынды 6.65 секунд нәтижесімен Шак Кам Чинг (Гонконг), үшінші орынды 6.66 секунд нәтижесімен Риота Сузуки (Жапония) жеңді.

Әйелдер арасында сырықпен секіруден жапониялық спортшы Маю Насу 4 метр биіктікті еңсеріп Чемпион атанды. Ал үндістандық спортшы мүмкіндік санынан ғана есе жіберіп 4 метр көрсеткішпен екінші орынға тұрақтады. Үшінші орынды Рози Мина Паулраж (Үндістан) 3.90 нәтижесімен жеңді.

Жеңіл атлетикадан жабық жайдағы 10 Азия Чемпионатының жабылу салтанаты ертең, 12-ақпан күні «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді. Чемпионат qazsport телеарнасында және qazathletics ютуб арнасында тікелей эфирде көрсетілуде.