Юлия Башманова Орталық Азия чемпионатында жеңіске жетті
Ташкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионатында Юлия Башманова 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруден алтын жүлде алды.
Ол қашықтықты 13,75 секундта жүгіріп өтіп, осы маусымдағы үздік нәтижесін көрсетті. Бұл — оның бір ай бұрын Қазақстан чемпионатында тіркеген уақытынан 0,12 секундқа жылдам көрсеткіш.
Осы сайыста Антонина Чернышова 14,58 секунд нәтижемен үшінші орын алды. Өзбекстандық Лидия Подсепикина (13,84 с) екінші болды.
100 метрге кедергілер арқылы жүгіру. Әйелдер:
1. Юлия Башманова (Қазақстан) — 13,75 с
2. Лидия Подсепикина (Өзбекстан) — 13,84 с
3. Антонина Чернышова (Қазақстан) — 14,58 с