Ясмина Тоқсанбаева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Ясмина Тоқсанбаева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XX Жазғы Азия ойындары мен V Азия пара ойындарында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды қабылдап, бірқатар спортшыға мемлекеттік наградалар табыстады.

Кездесу барысында Президент спортшылардың жетістіктері ел үшін зор мақтаныш екенін атап өтіп, олардың құрлықтық ірі спорттық додаларда Қазақстанның абыройын асқақтатқанын жеткізді.

«Спортшыларымыздың әрбір жетістігі – нағыз отаншылдықтың көрінісі. Сіздердің жеңістеріңіз барлық қазақстандықтарға, әсіресе өскелең ұрпаққа жігер беріп, қайсар мінез бен жеңіске деген ұмтылыстың үлгісіне айналды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекеттік награда иегерлерінің қатарында жеңіл атлетикадан марафондық қашықтықта өнер көрсеткен Ясмина Тоқсанбаева да бар. Ол XX Жазғы Азия ойындарындағы жоғары спорттық жетістігі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».