World Athletics кеңесі Римдегі 229-шы отырысында бірқатар шешімдер қабылдады

World Athletics кеңесі Римдегі 229-шы отырысында бірқатар шешімдер қабылдады

Жылды қорытындылай келе, World Athletics Президенті Себастьян Коэ биыл 354 ұлттық рекорд орнатылған,

180 елден 4000-ға жуық спортшы қатысқан төрт World Athletics series жарысы ұйымдастырылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, бұл спорт түрінен 162 құрлықтық турнир өтті, оған 159 елден 12000-ға жуық спортшы қатысып, 2 аймақтық рекорд, 118 ұлттық рекорд және 2396 жеке рекорд орнатылды.

2024 жылғы эстафеталық жүгіру бойынша әлем чемпионатының өтетін орны жарияланды. Бұл чемпионат Багам астанасы Нассауда өтеді.

Іс-шара 2024 жылдың сәуір/мамыр айларында өтеді (күндер кейінірек расталады) және 4х100 м және 4х400 м ерлер мен әйелдер эстафеталары, сондай-ақ 4х400 М аралас эстафета үшін негізгі олимпиадалық іріктеу шарасы болады.

Сондай-ақ, тас жолда жүгіруді дамытуды жалғастыру туралы шешім қабылданды. Кеңес тас жолда жүгіру бойынша әлем чемпионаттарының өту жиілігін өзгертуге келісті. Енді Чемпионат 2025 жылдан бастап жыл сайын өткізілетін болады.

Кеңес сонымен қатар World Athletics сериясындағы тжарыстарының келесі күндерін бекітті:

Жеңіл атлетикадан кросс бойынша әлем Чемпионаты 2024 - Медулин/Пула (Хорватия): 10-11 ақпан 2024 ж.

Жеңіл атлетикадан әлем Чемпионаты U20-Лима (Перу) 2024: 26-31 тамыз 2024

Жеңіл атлетикадан әлем Чемпионаты 2025 Токио (Жапония): 2025 жылғы 13-21 қыркүйек

Жарыс ережелеріндегі өзгерістер:

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап World Athletics 1 мильдік жүгіруден ресми түрде әлемдік рекорд орнатады. 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әлемдік рекордты ресми түрде тану үшін кемінде 3:50.00 (ерлер)/4:19.00 (әйелдер) нәтижесі қажет болады. Егер аталған стандарттар 1 қыркүйекке дейін орындалмаса, рекордтарға сәйкес келетін ең жылдам тіркелген нәтижелер әлемдік рекордтар ретінде танылады.