World Athletics Қазақстанды жарыстардағы манипуляцияларды бақылау парағына қосты

World Athletics Қазақстанды жарыстардағы манипуляцияларды бақылау парағына қосты

2016-2020 жылдар кезеңіндегі спортшыларнәтижелерінің статистикалық айырмашылығынталдау жиынтығы бойынша, Кеңестің шешіміменWorld Athletics Қазақстанды жарыстардағыманипуляцияларды бақылау парағына қосты.

Жеңіл атлетикадағы допинг пен манипуляцияғақарсы күрес жөніндегі тәуелсіз ұйым AthleticsIntegrity Unit аталған кезеңдегі нәтижелергежүргізілген статистикалық талдау жарыстардағыманипуляциялар фактілерін анықтады, қортындысында 8 ел (Албания, Армения, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Түркия, Өзбекстан жәнеҚазақстан) жарыс нәтижелерін манипуляциялаудыбақылау тізіміне енгізілді.

Енді әлемдік статистика есебіне қорытынды нәтижелерді есепке алу және ішкі старттарда көрсетілген нәтижелер бойынша спортшыларға әлемдік рейтинг ұпайларын есептеу үшін, World Athletics тағайындаған халықаралық техникалық делегаттар жарыстарды ұйымдастыруға қатысу қажет.

Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясыспорттың тазалығына бағытталған World Athleticsжәне Athletics Integrity Unit бастамасынқолдайтыны сөзсіз.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасыныңаумағында ұлттық және халықаралық жарыстардыұйымдастыру практикасына заманауи білімді енгізубастамалары арасында спорт түрінің тазалығы мен тұтастығын күшейту бойынша барлық шараларкешенін іске асыруда.

Айта кетейік, 2020 жылдан бастап Қазақстанаумағындағы барлық жарыстар нәтижелердіңашықтығын қамтамасыз ететін сертификатталғанэлектрондық жүйені пайдалануда.

World Athletics тарапынан Қазақстанға 2020 жылдан бастап Continental Tour және World IndoorTour әлемдік сериялы турнирлерін өткізуге дегенсенім, ҚР Жеңіл атлетика федерациясының спорт түрінің жай-күйін жақсарту жөніндегі шаралардыңпрактикалық пайдасын куәландырады жәнетаңдалған курстың дұрыстығын айқындайды.