Виктория Ан Орталық Азия чемпионатында екінші алтынын алды

Виктория Ан Орталық Азия чемпионатында екінші алтынын алды

Виктория Ан Орталық Азия чемпионатында екінші алтынын алды

Ташкентте өткен жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионатының соңғы күнінде Виктория Ан 200 метрге жүгіруден жеңіске жетті. Ол қашықтықты 24,05 секундта еңсеріп, Қазақстан құрамасына жарыстағы оныншы алтын жүлдені әкелді.

Бұл — Викторияның соңғы сегіз жылдағы 200 метрге жүгіруден үздік нәтижесі. Ол бұдан жылдам уақытты соңғы рет 2018 жылғы 24 шілдеде Қазақстан чемпионатында көрсеткен еді. Сол жарыста 23,18 секунд нәтижемен жеңімпаз атанған.

Ташкентте Виктория Ан 100 метрге жүгіруден де алтын алған болатын. Ол финалда 11,85 секунд нәтиже көрсетіп, III Орталық Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанды.

Тағы бір қазақстандық спортшы Милана Зубарева 200 метрді 25,96 секундта жүгіріп, бесінші орын алды. Бұл — оның мансабындағы үшінші үздік көрсеткіш.

200 метрге жүгіру. Әйелдер:

1. Виктория Ан (Қазақстан) — 24,05 с
2. Лайло Аллаберганова (Өзбекстан) — 24,25 с
3. Ани Мамацашвили (Грузия) — 24,78 с
4. Милана Зубарева (Қазақстан) — 25,96 с