Бүгін Сауд Арабиясының Даммам қаласында жеңіл атлетика жасөспірімдер арасындағы VI Азия чемпионатының шымылдығы түрілді. Бірнеше сайыс түрінен іріктеу жарыстары және үш қарғып секіру және балға лақтыру (ұлдар), 1500 метр қашықтыққа жүгіру және ядро лақтыру қыздар (қыздар) бағдарламасы бойынша жүлделер сарапқа салынды.
1500 метрге жүгіруде Қазақстан атынан спортшылар қатысқан жоқ. Балға лақтыру сайысында Шымкент қаласының өкілі Максим Сажнев 59.34 көрсеткішпен 5-орынға табан тіреді. Үш қарғып секіруде Алматы қаласының атлеті Глеб Клепинин жарыс жолына шықты. Ал қыздар арасындағы ядро лақтыруда қарағандылық Татьяна Иванишко 13.44 ұпаймен жарысты 8-орымен аяқтады.
Қыздар арасында 100 метрге жүгіруден алматылық Ангелина Шрубянец 12.16 секунд нәтижемен іріктеуден өте алмады. Бірақ өзінің жеке рекордын жаңарта алды.
Ал ұлдар арасында 100 метрге іріктеуде Астана қаласының атлеті Бейбарыс Батырұлы 10.73 нәтиже көрсетіп, өз рекордын жаңартты.
Сондай-ақ жарыстың бірі күнінде жетісайыстың төрт түрінен (100 метрге жүгіру, биіктікке секіру, ядро лақтыру және 200 метрге жүгіру) бәсекелер өтті. Бұл сында шымкенттік Полина Кузубова мен қызылордалық Асылзат Қыдырбай ел намысын қорғап жатыр. Қыздар арасындағы жетісайысқа барлығы төрт спортшы қатысуда — Қазақстаннан және Өзбекстаннан екі-екі спортшыдан.
Төрт кезең қорытындысы бойынша жалпы есеп төмендегідей:
Полина Кузубова (Қазақстан) — 2448 ұпай
София Николаева (Өзбекстан) — 2237 ұпай
Асылзат Қыдырбай (Қазақстан) — 2052 ұпай
Паризот Болбекова (Өзбекстан) — 1390 ұпай