VI Азия чемпионаты: Соңғы жарыс күнінде онсайысшылар олжалы болды

VI Азия чемпионаты: Соңғы жарыс күнінде онсайысшылар олжалы болды

Сары құрлықтағы жарыстың соңғы күнінде отандастарымыз жеңіл атлетиканың сегіз түрі бойынша жүлделі орындар үшін бақ сынады. Алайда олардың арасынан тек онсайыста өнер көрсеткен екі спортшымыз ғана жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Бұл сайыстың финалында Қазақстан мен Сауд Арабиясы құрамаларынан екі-екіден, ал Өзбекстан мен Сингапурдан бір-бір атлеттен бақ сынады. Бас жүлде үшін Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары соңғы сәтке дейін тартысты. Нәтижесінде, бар болғаны екі ұпай айырмасымен Өзбекстан өкілі жеңіске жетті. Ал Қазақстан атынан сынға түскен Асқар Өмірзақ күміс, Никита Миронов қола жүлдеге ие болды.

Қалған бағдарламалар бойынша сынға түскен отандастарымыздың нәтижелері төмендегідей:

Биіктікке секіру: Нұртас Рахымжанов – 13-орын (1,85 м)

Үш қарғып секіру:

Милана Михайлова – 5-орын (11.41 м)

Алиса Исаева – 7-орын (11.31 м)

Найза лақтыру:

Нұрзат Ғалымұлы – 9-орын (54.19 м)

Шадияр Құлатай – 10-орын (52.42 м, жеке рекорд)

800 метрге жүгіру: Анастасия Зуйкова – 8-орын (2:33.57)

3 000 метрге жүгіру: Арман Сырымов – 5-орын (9:11.97)

Эстафета (қыздар): Қазақстан құрамасы – 5-орын (2:16.41)

Эстафета (ұлдар): Қазақстан құрамасы – 5-орын (2:00.26)