Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Сәлімов күміс жүлдегер атанды.
Отандасымыз ерлер арасында T13 санатында ұзындыққа секіру сайысында 6,30 метр нәтижесін көрсетіп, жарыстың күміс медалін иеленді.
Аталған сайыста Жапония өкілі Рёта Фунагага 6,93 метр нәтижемен алтын медаль жеңіп алса, Өзбекстан спортшысы Батыр Мұхамедов 6,24 метр көрсеткішпен қола жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, Ислам Сәлімов Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір күміс медаль салды.
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».