Ұлттық құрама команданың спортшылары 2024 жылғы маусымға дайындықты бастап кетті

Ұлттық құрама команданың спортшылары 2024 жылғы маусымға дайындықты бастап кетті

2023 жылғы 6 желтоқсанда Астана қаласында алдағы Indoor Tour 2024 қысқы маусымына дайындық мақсатында ұлттық команданың жаттығу жиыны басталды. Келесі жылы біздің спортшыларымыздың 2024 жылғы 27 қаңтарға жоспарланған Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes болатын бірқатар республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуы жоспарланған, сондай-ақ ел құрамасының спортшылары 17-19 ақпанда Тегеран қаласында (Иран) Азия чемпионатына және жеңіл атлетикадан Әлем Чемпионатына қатысады, ол 2024 жылдың 1-3 наурызы аралығында Глазгода өтеді.

Астанадағы жаттығу жиындарынан басқа, 4-6 желтоқсан аралығында Жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Дмитрий Васильевич Карпов 2024 жылғы алдағы Олимпиада ойындарына іріктеуге және қатысуға дайындық шарттарын бағалау үшін Кениядағы биік таулы базада орналасқан атлеттердің жаттығу лагеріне бардып қайтты.