Ұлболсын Есіркеп Орталық Азия чемпионатында алтын алды
Ташкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын жүлдесіне қол жеткізді. Найза лақтыру сайысында 17 жастағы Ұлболсын Есіркеп 38,85 метр нәтижемен жеңімпаз атанды.
Екінші орынды өзбекстандық Анна Чикалова (35,08 м), үшінші орынды оның отандасы Зульфия Иброгимова (35,06 м) иеленді.
Бұл — Ұлболсынның биылғы маусымдағы алғашқы жеңісі. Бұған дейін ол Астанада өткен Қазақстан чемпионатында үздік үштікке енген еді.
Найза лақтыру. Әйелдер:
1. Ұлболсын Есіркеп (Қазақстан) — 38,85 м
2. Анна Чикалова (Өзбекстан) — 35,08 м
3. Зульфия Иброгимова (Өзбекстан) — 35,06 м