U23 Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы 4×100 метрлік эстафетада қола жүлдеге ие болды

U23 Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы 4×100 метрлік эстафетада қола жүлдеге ие болды

Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы 4×100 метрлік эстафетада қола жүлде жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы сапында Анна Шумило, Екатерина Пузырева, Татьяна Но және Дарья Гридасова өнер көрсетті. Спортшыларымыз қашықтықты 50.90 секундта жүгіріп өтіп, мәреге үшінші болып жетті.

Айта кетейік, Анна Шумило негізінен 400 метр қашықтығына маманданғанына қарамастан, қысқа қашықтықтағы эстафета құрамында да сәтті өнер көрсетіп, командамен бірге Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

Алтын жүлдені Қытай құрамасы 43.75 секунд нәтижемен жеңіп алса, күміс медаль 44.68 секунд көрсеткен Үндістан құрамасына бұйырды. Қазақстандық төрттік жарысты 50.90 секундта аяқтап, үздік үштік қатарынан көрінді.