Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді. Ұзындыққа секіруден сынға түскен Анастасия Рыпакова күміс медаль жеңіп алды.
Ақтық сында 6.11 метр нәтижеге қол жеткізген қазақстандық спортшы Қытай өкілі Хуан Инъиннен (6.48 м) кейін екінші орынға тұрақтады. Қола жүлдені Вьетнам атынан өнер көрсеткен Ха Тхи Тхуй Ханг 6.10 метр көрсеткішпен иеленді.
Айта кетейік, Анастасия үшін бұл халықаралық деңгейдегі кезекті табысты өнер көрсету болды. Осы нәтижесі арқылы ол Қазақстан құрамасының қоржынына U23 Азия чемпионатындағы алғашқы жүлдені салды.