Спортшыларымыз үшін маңызды жарыстардың бірі болып саналатын Лима 24-те жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионаты аяқталды

Спортшыларымыз үшін маңызды жарыстардың бірі болып саналатын Лима 24-те жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионаты аяқталды

Байқау қорытындысы төмендегідей:

  • Алина Чистякова көпсайыста 5161 ұпай жинап, 18 спортшының ішінен 9-орынға ие болды.
  • Ирина Конищева көпсайыста 5058 ұпай жинап, 18 спортшының ішінен 12-орынға тұрақтады.
  • Файна Мейірманова биіктікке секіруден 173 см нәтиже көрсетті.
  • Богдан Гончаров 110 м кедергілерді (99,0 см) 14,19 секундта жүгіріп өтті.
  • Кристина Ермола 100 м кедергілерді 14,66 секундта бағындырды.

Бұл сайыста Қазақстан құрамасы жүлде алмаса да, бес күндік тартысты бәсекеде жасөспірімдеріміз әлемдік аренада өздерін көрсетіп, баға жетпес тәжірибе жинақтап, білім алмасты. Біз олардың жаңа сынақтарды бағындыру жолында Қазақстанға оралуын асыға күтеміз.

Демеушілеріміз бен серіктестерімізге: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға, «Спорт Қоры» спортты қолдау қорына, Астана қаласының әкімдігіне, «Казцинк» ЖШС-не және «Тассай» компанияларына спортшыларымыз, жаттықтырушыларымыз, төрешілеріміз бен жарыстарды өткізуге әрқашан қолдаулары үшін алғыс айтамыз.

Фото: Enzo Santos

1 2