Мемлекет басшысының жоғары жетістіктер спортын және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жүйелі қолдауы мен стратегиялық шешімдерінің нәтижесінде Қазақстан халықаралық спорт аренасындағы орнын нықтап келеді.
Биылғы алғашқы алты айда елімізге 13 халықаралық спорт федерациясы мен ұлттық олимпиада комитеттерінің басшылары келді. Бұл – Қазақстанның әлемдік спорт қауымдастығындағы беделінің артып, атқарылып жатқан мемлекеттік саясатқа деген сенімнің жоғары екенін көрсетеді.
Президент тапсырмаларын орындау мақсатында Туризм және спорт министрлігі халықаралық федерациялармен ынтымақтастықты кеңейту, инфрақұрылымды дамыту және елімізде маңызды спорттық іс-шараларды өткізу бағытында кешенді жұмыстар атқаруда.
Қазақстанның жаһандық спорт аренасындағы басқарушылық рөлін күшейтудегі алғашқы маңызды қадам – сала министрі Ербол Мырзабосыновтың Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Директорлар үйлестіру комитетінің мүшесі болып сайлануы болды. Аталған комитет 13 елдің өкілдерінен құралған және әлемдік дзюдоның стратегиялық дамуына жауапты, 20 комиссияның жұмысын үйлестіреді. Қазақстан – бұл құрылымда Орталық Азиядан өкілдік ететін жалғыз мемлекет.
Толығырақ ҚР Туризм және спорт министрліктің ресми сайтында