Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан рейтингілік Silk Road to Tokyo турнирінің бірінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар бірнеше медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
Әйелдер арасындағы 400 метрлік эстафетада Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Біздің команда сапында Александра Залюбовская, Аделина Земс, Ирина Конищева және Виктория Ан сынға түскен болатын. Команданың нәтижесі - 3:59.06.
100 метрге жүгіруден ерлер арасындағы бәсекеде Алмат Тулебаев (10.659) екінші, Виталий Земс (10.660) үшінші орыннан көрінді.
200 метрге жүгіруден әйелдер арасындағы бәсекеде Виктория Ан 24.30 нәтижесімен үшінші сатыға табан тіреді. Ал Арина Мишеева бесінші орын алды.
100 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Кристина Ермола мәре сызығын екінші болып кесті.