Шымкентте жас жеңіл атлеттер ел біріншілігінде бақ сынайды

Шымкентте жас жеңіл атлеттер ел біріншілігінде бақ сынайды

18–20 қыркүйек аралығында Шымкентте U16 және U18 жас санаттарындағы жасөспірімдер мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді. Бәсекеге 18 өңірден 592 спортшы қатысады.


Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар командалары арасындағы жарыста 2009–2010 және 2011–2012 жылдары туған атлеттер өнер көрсетеді.


U18 санатында 232, ал U16 санатында 360 қатысушы сынға түседі. Жарыстар Қажымұқан атындағы стадионда және №2 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві спорт мектебінің базасында ұйымдастырылады.


Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».