30 маусым – 1 шілде аралығында Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы стадионда жеңіл атлетикадан дәстүрлі XXXV Qosanov Memorial халықаралық турнирі өтеді.
Qosanov Memorial — қазақ жеңіл атлетикасындағы маңызды халықаралық жарыстардың бірі. Турнир Олимпиада жүлдегері, қазақ спортындағы тарихи тұлға Ғұсман Қосановтың құрметіне өткізіледі. Биыл додаға 11 елден 250-ге жуық спортшы қатысады. Жарыс бағдарламасында 27 жеке дисциплина және 4 эстафеталық сайыс бар.
Айта кетейік, Qosanov Memorial 2021 жылдан бері World Athletics Continental Tour Bronze Level күнтізбесіне енгізілген.
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».