Үш қарғып секіру және 3000 метр: Өскеменде 16 жасқа дейінгі үздіктерді анықтады

Үш қарғып секіру және 3000 метр: Өскеменде 16 жасқа дейінгі үздіктерді анықтады

U-16 Қазақстан чемпионатының күндізгі бағдарламасында тағы да үш жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Үш қарғып секіруден бұл жас деңгейіндегі алтын медальді Арсений Семенюк жеңіп алды. Алайда, гроссмейстрлік белгі саналатын 13 метрге жете алмағаны өкінішті.

ҮШ ҚАРҒЫП СЕКІРУ

Жасөспірімдер:

1. Арсений Семенюк (Шымкент) – 12,69
2. Эмир Азмагамбетов (Ақмола облысы) – 12,32
3. Александр Лысенко (Шымкент) – 11,78

Нұрсая Әшірбай соңғы бес жылдағы ең үздік нәтижелердің бірін көрсетті. U-16 бәсекесіне 3000 метрге жарысуды 2020 жылы қайтарған болатын, сондықтан, мұндағы жүгіру тарихы да айтарлықтай ұзақ емес. Әшірбай U-16 дәрежесі бойынша соңғы алты чемпионаттағы төртінші нәтижені тіркеді.

3000 МЕТРГЕ ЖҮГІРУ

Жасөспірім қыздар:

1. Нұрсая Әшірбай (Түркістан облысы) – 11:02,41
2. Виталина Цехотская (Алматы) – 11:28,17
3. Елизавета Занько (Қарағанды облысы) – 11:33,39

Алматылық чемпион Ильзят Итахунов та Нұрсая секілді, соңғы бес жылдағы ең үздік нәтижелердің біріне қол жеткізді. Ол U-16 Қазақстан біріншілігінің жаңа тарихында жетінші нәтижені тіркеген.

3000 МЕТРГЕ ЖҮГІРУ

Жасөспірім ұлдар:

1. Ильзат Итахунов (Алматы) – 9:43,07
2. Роман Сизов (Абай) – 9:47,64
3. Павел Белишев (Жамбыл облысы) – 9:50,77