Қыркүйекетің 24-25 аралығында Самарқанд каласында Орталық Азия елдері арасында жеңіл атлетикадан Чемпионат өтті

Қыркүйекетің 24-25 аралығында Самарқанд каласында Орталық Азия елдері арасында жеңіл атлетикадан Чемпионат өтті

Ашық Чемпионатта Қазақстан атынан 19 спортшы өнер көрсетті.

  1. Данил Попов – 100/200;
  2. Артем Сизых – 100/200;
  3. Иван Тетерин – 100/200;
  4. Михаил Горлов – 400/800;
  5. Никита Петяхин – 400/800;
  6. Никита Максимов – 110 с кедергілермен / биіктікке секіру;
  7. Лидия Сафонова – 100/200;
  8. Валерия Сафонова – 200 / ұзындыққа секіру;
  9. Анна Шумило – 800м;
  10. Арина Гладышева – 1500/5000м;
  11. Татьяна Нерознак – 10000м;
  12. Акбилек Куралбай – 3000м кедергілермен;
  13. Игорь Косолапов – биіктікке секіру;
  14. Егор Олешко – биіктікке секіру;
  15. Артур Гафнер – найза лақтыру;
  16. Надежда Барбанова – ядро итеру;
  17. Карина Васильева – ядро итеру / диск лақтыру;
  18. Наталья Соколова – найза лақтыру.

Жарыстың бірінші күні біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетті: Игорь Косолапов биіктікке секіруде 2,10 нәтижесімен 2 орын алды.

Лидия Сафонова қыздар арасында 100м жүгіруде 12.68 нәтижесімен 3 орын алды.

Надежда Барбанова қыздар арасында ядро итеруден 14,12 нәтижесімен 2 орын алды.

Сондай-ақ біздің құрама аралас эстафетада 3 орын және әйелдер эстафетасында 4:22.44 нәтижесімен 3 орын, ал ерлер эстафетасында 4 орын алды.

Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Арина Гладышева Қыздар арасында 5000 метрге жүгіруде 17: 24.50 нәтижесімен 1 орын алды.

Жарыстың екінші күні Валерия Сафонова қыздар арасында 200 метрге жүгіруде 25.52 нәтижесімен үшінші болып, ал ерлер арасында Иван Тетерин 22,45 нәтижесімен бесінші болып мәреге жетті.

800 метрге жүгіруде Анна Шумило 2:12.72 нәтижесімен 3 орын алды.

Артур Гафнер 66.44 метр нәтижесімен найза лақтыруда 1 орын алды.

Ақбілек Құралбай кедергілермен 3000 метрге жүгіруде 11:30.35 нәтижесімен мәреге 2 болып жетті.

 

- "Самұрық-Қазына" АҚ және "Sport Qory"туризм және спорт индустриясын қолдау қоры қолдауымен

 

2 3 4 5