Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден Қазақстанның алғашқы медалін жеңіп алды

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден Қазақстанның алғашқы медалін жеңіп алды

Қазақстандық жеңіл атлет Полина Иванова Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында сырықпен секіруден қола медаль иеленді.

 


Бұл – Қазақстанның Азия ойындарындағы әйелдер арасындағы сырықпен секіруден алғашқы медалі. Полина Иванова жарыста 4,15 метр биіктікті екінші мүмкіндігінде бағындырды. Осы нәтижемен ол Үндістан өкілі Бараника Элангованмен бірге үшінші орынға тұрақтады. Екі спортшының нәтижелері бірдей болғанымен, Иванова қола жүлдеге ие болды. Осылайша, Полина Иванова Қазақстанның Азия ойындарындағы әйелдер сырықпен секіруден ең үздік нәтижесін тіркеді.

 
Бұған дейін Қазақстан бұл спорт түрінде Азия ойындарында алғаш рет 2023 жылы Ханчжоуда ұсынылған. Сол жарыста Анастасия Ермакова 4,10 метр нәтижемен бесінші орын алған. Ал 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан атынан сырықпен секіруге бірден екі спортшы қатысты. Полина Ивановамен бірге Анна Черкашина да жарыс жолына шықты. Азия ойындарындағы дебюттік жарысында Анна Черкашина болса 4,00 метр нәтижемен жетінші орын алды.

Азия ойындары. Сырықпен секіру. Әйелдер


Мисаки Морота (Жапония) – 4,55 м
Чучхе Ниу (Қытай) – 4,50 м
Полина Иванова (Қазақстан) – 4,15 м
Бараника Элангован (Үндістан) – 4,15 м
Анна Черкашина (Қазақстан) – 4,00 м

Фото: Никита Басов