2025 жылғы 27-31 мамыр күндері Оңтүстік Кореяның шығысында орналасқан Гуми қаласында жеңіл атлетикадан ересектер арасындағы XXVI Азия чемпионаты өтеді.Биылғы Сары құрлық додасына Қазақстан әйелдер құрамасынан 18 спортшы қатысады.
Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі:
1. Екатерина Авдеенко (Шымкент) – жетісайыс
2. Виктория Ан (Алматы) – 200 және 400 метрге жүгіру, 4х400 және 4х400 аралас эстафета
3. Юлия Башманова (ШҚО) – 100 метрге кедергілермен жүгіру
4. Аяна Болатбекқызы (Жетісу облысы) – 1500 метр
5. Нора Джеруто (ШҚО) – 3000 метрге кедергілермен жүгіру
6. Дейзи Джепкемей (ШҚО) – 5000 және 10 000 метрге жүгіру
7. Надежда Дубовицкая (ШҚО) – биіктікке секіру
8. Мария Ефремова (Қарағанды облысы) – үш қарғып секіру
9. Александра Залюбовская (Павлодар облысы) – 400 метрге жүгіру, 4х400 және 4х400 аралас эстафета
10. Аделина Земс (Қарағанды облысы) – 400 метрге кедергілермен жүгіру, 4х400 эстафета
11. Кристина Кондрашова (Астана) – 4х400 және 4х400 аралас эстафета
12. Елизавета Матвеева (ШҚО) – биіктікке секіру
13. Анастасия Рыпакова (ШҚО) – ұзындыққа секіру
14. Ольга Сафронова (Павлодар облысы) – 100 және 200 метрге жүгіру, 4х400 және 4х400 аралас эстафета
15. Ясмина Тоқсанбаева (Алматы) – 20 шақырымдық спорттық жүріс
16. Антонина Чернышова (СҚО) – 100 метрге кедергілермен жүгіру
17. Алина Чистякова (Қарағанды облысы) – жетісайыс
18. Анна Шумило (Қарағанды облысы) – 4х400 метрлік эстафета
Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы бұл чемпионатта лақтыру (найза, диск, балға, ядро) және сырықпен секіру сынды жарыс түрлеріне қатыспайды.
Сурет авторы: ©Владислав Семенов