2025 жылғы 27-31 мамыр күндері Оңтүстік Кореяның шығысында орналасқан Гуми қаласында жеңіл атлетикадан ересектер арасындағы XXVI Азия чемпионаты өтеді. Биылғы Сары құрлық бәсекесіне Қазақстан ерлер құрамасынан 14 спортшы қатысады.
Қазақстан ерлер құрамасының тізімі:
1. Артур Гафнер (ШҚО) – найза лақтыру;
2. Давид Ефремов (Қарағанды облысы) – 110 метр кедергілермен жүгіру;
3. Виталий Земс (Қарағанды облысы) – 100 және 200 метр;
4. Вячеслав Земс (Қарағанды облысы) – 400 метр кедергілермен жүгіру, 4х400 және 4х400 аралас эстафета;
5. Иван Иванов (ШҚО) – ядро лақтыру;
6. Дмитрий Коблов (Шымкент) – 400 метр кедергілермен жүгіру, 4х400 және 4х400 аралас эстафета;
7. Михаил Литвин (СҚО) – 4х400 және 4х400 аралас эстафета;
8. Эльнор Мұхитдинов (ШҚО) – 400 метр, 4х400 және 4х400 аралас эстафета;
9. Зелимхан Насыров (Ақмола облысы) – ұзындыққа және үш қарғып секіру;
10. Андрей Соколов (ШҚО) – 4х400 және 4х400 аралас эстафета;
11. Ефим Тарасов (ШҚО) – 4х400 және 4х400 аралас эстафета;
12. Алмат Төлебаев (Алматы) – 100 және 200 метр;
13. Максим Фроловский (Алматы) – 1500 және 5000 метр;
14. Георгий Шейко (БҚО) – 20 шақырымдық спорттық жүріс.
Айта кетерлігі, алты спортшы ерлер мен аралас 4х400 метрлік эстафеталарға қатысады. Алайда Қазақстан ерлер құрамасы биіктікке және сырықпен секіру, диск пен балға лақтыру, 800 метр, 3000 метр кедергілермен жүгіру және 4х100 метрлік эстафета бойынша сынға түспейді.