Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes жеңіл атлетикадан халықаралық турниріне журналистер тіркелуі басталды

Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes жеңіл атлетикадан халықаралық турниріне журналистер тіркелуі басталды

Астанада 2024 жылдың 27 қаңтар күні өтетін Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes жеңіл атлетикадан халықаралық турниріне журналистер тіркелуі басталды.

Аккредитацияға өтініш 2024 жылдың 19 қаңтарына дейін mediaqazaqathletics@gmail.com электрондық поштасына қабылданады. Өтініште журналистің толық аты-жөні, төлқұжатының нөмері, аккредитацияның түрі (фотограф, видео оператор, журналист) көрсетіліп, бас редактордың қолы мен ақпарат құралының мөрі басылуы керек. Сондай-ақ, аккредиттелуші БАҚ өкілінің қызметтік куәлігі және фотосуреті жіберілуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, баспасөз орталығындағы орын шектеулі және жарысқа деген қызығушылықтың жоғары болуына байланысты Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі аккредитация беруден бас тартуға және бір мекемеге берілетін аккредитация санын шектеуге құқылы.

 

Билеттер zakazbilitov.kz сайтында сатылымда.