Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстан жеңіл атлетика федерациясында қонақта болды

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстан жеңіл атлетика федерациясында қонақта болды

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясына Олимпиада чемпионы, белгілі спорт қайраткері Серік Сәпиев арнайы қонақ болып келді.

Кездесу барысында құрметті қонаққа қазақы дәстүрмен шапан жабылып, ерекше құрмет көрсетілді. Серік Сәпиев Федерация жұмысымен танысып, ұжымның спортты дамыту бағытындағы қызметіне сәттілік тіледі.

Даңқты спортшы отандық спортты дамытуда әр федерацияның жүйелі жұмысы мен кәсіби ұжымның еңбегі маңызды екенін атап өтті. Өз кезегінде Федерация өкілдері Серік Сәпиевке көрсеткен ықыласы мен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Мұндай кездесулер спорт саласындағы өзара байланысты нығайтып, спорттық ұйымдар арасындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.