Олимпиада Чемпионы әрі бірнеше дүркін жүлдегері, отандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова кәсіби мансабын ресми аяқтады. Ол бұл туралы жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Х Азия Чемпионатында хабарлады.
«Еліме ризамын! Президент пен спорт жетекшілерінен бастап менің ең жас жанкүйерлеріме дейін бір ғана, бірақ өте маңызды нәрсе – маған СЕНІМДЕРІ үшін алғыс айтамын. Мені тұлға ретінде, кәсіби спортшы ретінде танытуға мүмкіндік берген тағдырға және Құдайға алғыс айтамын», деді спортшы.
Отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосқаны үшін ҚР Премьер-Министрі спортшыға алхыс хат жолдады.
«Сіздің жарқын жеңістеріңіз қазақстандық жанкүйерлердің жүрегінде мәңгі қалады. Біз сіздің спортқа және принциптерге деген адалдығыңызды бағалаймыз. Ел бойынша мыңдаған бала сізден үлгі алады және отандық жеңіл атлетика дәстүрін жалғастырады. Отандық спортты дамытуға қосқан үлесіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Құрметпен, ҚР Премьер Министрі Алихан Смаилов.»
Салтанат соңында спортшы жанкүйерлер алдында құрмет шеңберін жүгіріп өтті.