Нора Джеруто Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Нора Джеруто Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден күміс медаль жеңіп алды.

 
Әлем чемпионы Нора Джеруто жарысты 9:06,82 нәтижесімен аяқтап, екінші орынға тұрақтады. Бұл – спортшының осы маусымдағы ең үздік нәтижесі. Алтын медальді Бахрейн өкілі Уинфред Яви 9:04,36 нәтижесімен иеленіп, Азия ойындарының жаңа рекордын тіркеді. Үндістандық Паруль Чаудари 9:08,67 нәтижесімен қола жүлдеге ие болды.

 
Осылайша, Нора Джерутo Қазақстан құрамасының жеңіл атлетикадан Азия ойындарындағы төртінші жүлдесін иеленді. Бұған дейін 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Дэйзи Джипкемей 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден бесінші орын алған еді.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».

Фото: Сали Сабиров