Ниталиев Марал Қанатұлы – Батыс Қазақстан облысы жеңіл атлетика федерациясының жаңа басшысы

Ниталиев Марал Қанатұлы – Батыс Қазақстан облысы жеңіл атлетика федерациясының жаңа басшысы

Ниталиев Марал Қанатұлы 1982 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жоғары білімді, 1999–2004 жылдары Саратов мемлекеттік аграрлық университетін «Экономика және табиғатты пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ 2023–2024 жылдары Прага қаласындағы Open European Academy of Economics & Politics оқу орнында MBA бағдарламасын аяқтаған.

Еңбек жолында мұнай-газ және сервистік салаларда басшылық және басқарушылық қызметтер атқарған. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрылымында, «KMG-EP Catering», «Демеу Фуд» және өзге де компанияларда түрлі жауапты лауазымдарда жұмыс істеген. 2016 жылдан бастап «Mangystau Service Company» ЖШС-нің құрылтайшысы әрі кеңесшісі қызметін атқарып келеді.