Жеңіл атлетикадан Алматыда өтіп жатқан Ғұсман Қосанов мемориалында қазақстандық Надежда Дубовицкая сырықпен секіруден топ жарды. Федерацияның баспасөз қызметіне сұхбат берген спортшы бұл турнирдің атмосферасы бөлек екенін тілге тиек етті.
«Биылғы маусымды жарақатыма байланысты дұрыс өткізе алмадым. Алдағы әлем чемпионатына да толық бабыма енбейінше, қатыспаймын деп шештім. Десе де, Қосанов турниріндегі жеңісім маған керемет көңіл-күй сыйлады. Көптен бері жарыстарда көзге түсе алмаған соң, бұл бәсекедегі алтын жүлдем мен үшін әрдайым ыстық.
Шыны керек, бұл доданың атмосферасы ерекше. Өзім қаншама елде болдым, қаншама әлемдік жарысқа қатыстым. Бірақ осы турнирдегі секілді спортшылардың бауырмалдығы басқа еш жерде байқалмайды. Марапаттау рәсімінен соң барлық спортшы ортақ суретке түсіп, бір-бірін құттықтап жатты. Спорттың да басты миссиясы осы татулық пен достық емес пе?! Осы мерекенің ортасында болғанына қуаныштымын», - деді Дубовицкая.
Еске салайық, дәстүрлі Ғұсман Қосанов мемориалында Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден топ жарды. Ол 1.84 метрді бағындырып, турнирдің жеңімпазы атанды.
Турнирдің демеушілері: "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры; «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры