84 жасында аты аңызға айналған қазақстандық спортшы, Олимпиада ойындарында медаль алған тұңғыш спортшы, әлем рекордшысы дүниеден өтті.

84 жасында аты аңызға айналған қазақстандық спортшы, Олимпиада ойындарында медаль алған тұңғыш спортшы, әлем рекордшысы дүниеден өтті.

Солдатенко Вениамин Васильевич жеңіл атлетиканың дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ол жеке жетістіктерімен қатар, талай халықаралық марапаттарға ие болып, еліміздің абыройын асқақтатқан талай спортшыларды тәрбиелеп шығарды.

Спортшының қаза болуына байланысты Федерация отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Вениамин Васильевичпен қоштасу рәсімі 20 шілде күні сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін Байсейітова көшесі, 16 мекенжайында орналасқан Орталық клиникалық аурухананың залында өтеді.