Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында жеңіл атлетика бағдарламасының үшінші жарыс күні жалғасуда.
Кешкі бағдарлама аясында қазақстандық спортшылар 400 метрге жүгіруден іріктеу кезеңіне қатысты. Нәтижесінде Мария Шувалова келесі кезеңге жолдама алды.
Павлодарлық спортшы өз жүгіруінде 53,06 секунд нәтижесімен бірінші орын иеленіп, финалға тікелей өтті. Енді Мария Шувалова Азия ойындарының жүлдесі үшін жарыс жолына шығады.
Қазақстандық Александра Залюбовская 53,93 секунд нәтижесімен маусымдағы үздік көрсеткішін тіркеді. Алайда бұл нәтиже финалға өту үшін жеткіліксіз болып, спортшы тоғызыншы орын алды. Ережеге сәйкес, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша үздік сегіз спортшы финалға жолдама алады.
Залюбовская үшін бұл – Азия ойындарындағы екінші жарыс. 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында ол 400 метрді 55,39 секундта жүгірген.
Ерлер арасында 400 метрге жүгірудің іріктеу кезеңінде Андрей Соколов 48,42 секунд, Эльнор Мухитдинов 47,30 секунд нәтиже көрсетті. Екі спортшы да финалға өте алмады.
400 метр. Іріктеу кезеңі
Әйелдер:
Мария Шувалова – 53,06 секунд — Q (финалға жолдама)
Александра Залюбовская – 53,93 секунд — SB (маусымның үздік нәтижесі)
Ерлер:
Эльнор Мухитдинов – 47,30 секунд
Андрей Соколов – 48,42 секунд