Мария Щипачева – U20 Азия чемпионатының қола жүлдегері

Мария Щипачева – U20 Азия чемпионатының қола жүлдегері

Гонконг қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан U20 Азия чемпионатында қазақстандық Мария Щипачева үш қарғып секіру сайысында жүлделі орыннан көрінді.

Финалдық кезеңде спортшы 12.70 метр нәтижеге қол жеткізіп, қола медаль иеленді. Бұл көрсеткіш оның жеке рекорды болып тіркелді. Мария ең үздік секіруін екінші әрекетінде орындап, маусымдық нәтижесін жақсарта түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша алтын медаль қытайлық Ицин Сеға бұйырды – 13.36 метр. Күміс жүлдені үндістандық Садхана Рави 12.84 метр нәтижемен жеңіп алды.