Максим Фроловский – Азия ойындарында 10 000 метрге жүгіруден ел намысын қорғаған алғашқы қазақстандық

Максим Фроловский – Азия ойындарында 10 000 метрге жүгіруден ел намысын қорғаған алғашқы қазақстандық

Қазақстан жеңіл атлетикасы Азия ойындарында ерлер арасындағы 10 000 метрге жүгіру бағдарламасында алғаш рет ұсынылды. Тарихи нәтижеге Алматының жас спортшысы Максим Фроловский қол жеткізді.

 
Қазақстан Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындары еліміздің спорт тарихындағы тоғызыншы Азия ойындарына айналды. Алайда бұған дейін қазақстандық спортшылар ерлер арасында 10 000 метрге жүгіруде құрлықтың басты додасында бақ сынамаған.


24 жастағы Максим Фроловскийдің соңғы маусымдағы нәтижелері оның ұлттық құрама сапына енуіне мүмкіндік берді. Спортшы Қазақстан чемпионатында 10 000 метр қашықтықтағы жеке үздік нәтижесін көрсетіп, Азия ойындарына жолдама алды.


Нагоядағы жарыста Фроловский 30:22,06 нәтижесімен алтыншы орын иеленді. Бұл – спортшының аталған қашықтықтағы мансабындағы екінші үздік көрсеткіші. Максим бұдан жылдамырақ нәтижені тек биылғы шілде айында Қазақстан чемпионатында тіркеген. 


10 000 метр. Ерлер


Бирхану Балеу (Бахрейн) – 28:27,51
Гулвир Сингх (Үндістан) – 28:29,38
Альберт Киптоо (Бахрейн) – 28:34,38
Максим Фроловский (Қазақстан) – 30:22,06