КӨЛГІНОВ АЛТАЙ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БІРІНШІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

КӨЛГІНОВ АЛТАЙ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БІРІНШІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

2023 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының кезекті есептік-сайлау конференциясы өтіп, оның шеңберінде Алтай Көлгінов бірінші Вице-президент, сондай-ақ Жеңіс Қасымбек пен Денис Рыпаков Федерацияның Вице-президенті лауазымына сайланды. Сондай-ақ, конференция шешімімен Федерацияның Атқару Комитеті құрылды:

 

1) Атқару комитетінің төрағасы, Президент Федерация – Ахметов Даниал Кенжетайұлы;

2) Федерацияның Бірінші Вице-Президенті – Көлгінов Алтай Сейдірұлы;

3) Астана қ. Федерациясының басшысы – Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы;

4) Федерацияның Вице-Президенті – Сматлаев Алмасхан Бауыржанұлы;

5) Жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Ержанов Қуандық Ескермесұлы;

6) Ұлттық Паралимпиада ҚР комитеті өкілі – Ақпамбетов Олжас Жомартұлы;

7) Федерация судьялар корпусының төрағасы – Устьянцева Ольга Викторовна;

8) Федерацияның Бас хатшысы – Сейсембек Асхат Рашидұлы;

9) Жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Рыпаков Денис Сергеевич.

Отырыс жұмысы аясында 2022 жылдың қорытындысы шығарылып, тексеру комиссиясының есебі тыңдалды.

Сонымен қатар, Федерация Президенті Д.К. Ахметов инфрақұрылымды дамыту, жаттықтырушыларды оқыту және жас спортшыларды қолдау бағытында жұмыс істеу перспективаларын атап өтті.