Кристина Овчинникова — Азия ойындарының күміс жүлдегері

Кристина Овчинникова — Азия ойындарының күміс жүлдегері

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында жеңіл атлетикадан әйелдер арасындағы биіктікке секіру сайысының финалы аяқталды. Қазақстандық Кристина Овчинникова 1,87 метр нәтижесімен күміс жүлдеге ие болды.

Жарыс қорытындысы:

Барнохон Сайфуллаева (Өзбекстан) — 1,90 м

Кристина Овчинникова (Қазақстан) — 1,87 м

Пуджа (Үндістан)


Аталған сайыста Қазақстан атынан өнер көрсеткен Надежда Дубовицкая 1,83 метр нәтижесімен бесінші орын алды.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».

Фото: Сали Сабиров