Қосанов мемориалы тартысты басталды

Қосанов мемориалы тартысты басталды

Шымкентте Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнирдің алғашқы жарыс күні басталды. Биыл 35-рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі дода Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионда өтіп жатыр.

Таңғы бағдарламада спортшылар бірқатар жоғары нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды. Ерлер арасында 100 метрге жүгіруде қазақстандық Алмат Төлебаев пен жас спортшы Богдан Чернобай шешуші кезеңге өтті. Әйелдер арасында Арина Мишеева, Дарья Гридасова және Маргарита Назаренко финалда ел намысын қорғайды.

400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Вячеслав Земс үздік нәтиже көрсетіп, финалға сенімді өтті. Сондай-ақ бұл сында Қанағат Манаш пен Кирилл Савченко да шешуші кезеңге жолдама алды.

Ерлер арасындағы 400 метрге жүгіруде қазақстандық спортшылар жоғары қарқын көрсетті. Алан Иванов пен Алексей Чукреев жеке рекордтарын жаңартты. Сонымен қатар Ефим Тарасов, Андрей Соколов, Эльнор Мұхитдинов және Александр Безруков финалда бақ сынайды.

Әйелдер арасындағы 400 метрде Александра Залюбовская, Екатерина Кузнецова және Диана Трофименко шешуші кезеңге өтті.

Негізгі жүлделер кешкі финалдарда сарапқа салынады. XXXV Qosanov Memorial World Athletics Continental Tour Bronze Level халықаралық турнирі 1 шілдеге дейін жалғасады.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».