20 мамыр күні Тараз қаласындағы №39 мектепте Kids’ Athletics бағдарламасы бойынша әдістемелік семинар өтеді.
Іс-шара Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясының ұйымдастыруымен, ҚР Туризм және спорт министрлігінің бастамасы және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауы аясында өткізіледі. Семинарға Жамбыл облысының білім беру ұйымдарындағы дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен мектеп оқушылары қатысады. Олар жеңіл атлетиканың базалық элементтерімен танысып, бағдарлама тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгереді. Күн тәртібінде Дамир Абулевтің дәрісі, мастер-класс және Kids’ Athletics форматындағы жарыс қарастырылған. Соңында қорытынды шығарылып, қатысушылар марапатталады.
Kids’ Athletics — World Athletics ұйымының балалар мен жасөспірімдерге арналған бұқаралық спорт жобасы. Оның мақсаты — мектеп жасындағы балаларды жеңіл атлетикаға баулу, қозғалыс мәдениетін қалыптастыру және мұғалімдердің әдістемелік қорын толықтыру. Айта кетейік, жоба Қазақстанда кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Алдағы уақытта жаңа өңірлерді қамту жоспарланған.