Қазақстандық спортшылар балға лақтырудан күміс және қола жүлде алды

Қазақстандық спортшылар балға лақтырудан күміс және қола жүлде алды

Қазақстандық спортшылар балға лақтырудан күміс және қола жүлде алды

Ташкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионатында Анастасия Калошина мен Томирис Ерматова балға лақтырудан үздік үштікке енді.

Калошина 57,06 метр нәтижемен күміс жүлде алды. Бұл — оның биылғы маусымдағы екінші үздік көрсеткіші. 2026 жылы ол Алматыда өткен Қазақстанның қысқы лақтыру чемпионатында балғаны 61,00 метрге лақтырған.

Ерматова 44,87 метр нәтижемен үшінші орынға ие болды. Жарыста өзбекстандық Зарина Носирджонова жеңіске жетті — 64,89 метр.

Балға лақтыру. Әйелдер:

1. Зарина Носирджонова (Өзбекстан) — 64,89 м
2. Анастасия Калошина (Қазақстан) — 57,06 м
3. Томирис Ерматова (Қазақстан) — 44,87 м