Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Gloria Sports Arena-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Gloria Sports Arena-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы мен Түркиядағы Gloria Sports Arena спорт кешені өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде келісімге келді.

Кездесу барысында тараптар спорт саласындағы байланысты нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Нәтижесінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Кездесуге Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті Алпамыс Бақытұлы, бас хатшысы Келбет Нұрғазина, федерация өкілдері Қайрат Макаев пен Айгерім Искaкова, сондай-ақ Gloria Sports Arena спорт кешенінің бас менеджері Гөркем Дөнмез қатысты. Қол қойылған меморандум екі тарап арасындағы әріптестікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және жеңіл атлетика саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға негіз болады.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».